Шымкентте екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Фото: ҚР ІІМ

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтар мәжбүрлеп қылмыстық қамқорлық көрсеткен, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.


8 қазанда Шымкенттегі ойын-сауық мекемелерінде өз тәртібін орнатқан жастардан құралған қылмыстық топ ұсталды. Олар бопсалау, бұзақылық және заңсыз қару сақтаумен де айналысқан.


11 қазанда тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды. Олар кәсіпкерлерден ақша бопсалаған. Қылмыстық қамқорлығы үш миллион теңгеге дейін ақша талап еткен. Егер қалаған қаражатына қол жеткізбесе, кәсіпкерлерді физикалық және моральдық қысымға ұшыратқан.


Полиция бөліміне барлығы 35 айыпталушы жеткізіліп, 100-ден астам тінту жүргізілді. Қару мен оқ-дәрі тәркіленді.


"Айта кетсек, жыл басынан бері Шымкент қаласында қылмыстық топтардың әрекетін алдын алу барысында 30-дан астам атыс және травматикалық қарулар, оның ішінде бір Калашников автоматы, 11 тапанша, екі винчестер және мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді", – деп хабарлады полиция.