Шымкентте кәмелетке толмаған баланың мұрагерлік құқығы қалпына келтірілді

Фото: Depositphotos
Шымкент қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған баланың мұрагерлік мүлкі үлесіне заңсыз иелік ету фактісін анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Тексеру барысында әкесі қайтыс болған әйелінің мүлкін заңсыз ресімдеп, баланың құқығын бұзғаны белгілі болды.
"Прокуратураның талабымен сот нотариалдық іс-әрекеттерді заңсыз деп танып, баланың мұрагерлік құқығын қалпына келтірді", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Сондай-ақ, әкесі алаяқтық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.