Шымкентте компания басшысы қызметкерлеріне зейнетақы мен жеке табыс салығын төлемеген

 Freepik фото на taspanews.kz от 17 марта 2025 10:02
Фото: Freepik

Шымкент қаласы прокуратурасы «A» ЖШС құрылыс компаниясы басшысының орындалмаған жұмыстар бойынша шот-фактура жазғанын және қызметкерлерінің құқықтарын бұзғанын анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас проуратурасына сілтеме жасап.


Іс жүзінде атқарылмаған жұмыстар үшін аса ірі көлемде шот-фактура жазған құырылыс компаниясы иесі мемлекетке 640 млн теңге шығын келтірді. Одан бөлек, ол жұмысшыларына зейнетақы, әлеуметтік және жеке табыс салығын төлемеген.


ЖШС бастығына қатысты Қылмыстық кодекстің 216-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданды. 2025 жылы 14 ақпан күні ЖШС директоры 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


Следите за новостями Taspanews