Шымкентте танысын террористік топтарға қосылуға насихаттаған ер адам сотталды

Шымкент азаматы «WhatsApp» мессенджері арқылы танысына халықаралық террористік ұйым «Мұсылман бауырлар» идеологиясы мен «қарулы жиһад» идеясын насихатайтын материалдар жіберген, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Ер адам зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдар жолдап, азаматшаны террористік топтарға қосылуға үгіттеген.
Сот күдіктіні кінәлі таныды. Ер адам ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі бойынша – терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату және 296-бабының 1-бөлігі – террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт - насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру бойынша 8 жылға бостандығынан айырылды.
Дәл осындай қылмыс жасағаны үшін 2024 жылы 10 адам сотталды.