Шымкентте үш адамның өліміне әкеліп соққан саябақ бұзылды
Фото: Pexels
Шымкенттегі саябақтың 4 гектарын жалға алған ЖШС жер телімін заңсыз иеленіп, қолданып келген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.
ЖШС балалар орталығын салудың орнына «Қиял әлемі» ойын-сауық саябағын ораналастырды. Жер телімін жалдау шартының талаптарын бұзған.
Одан бөлек, бұл жерден соңғы жылдары өрт шығып, екі студент пен бір тұрғын қаза тапты.
Әкімдік жалдау шартын жарамсыз етіп тану үшін сотқа жүгінді. МАЖС мен аппеляция жер телімін коммуналдық меншікке қайтаруға міндеттеді. Осы шешімнен кейін әкімдік заңсыз құрылысты ЖШС тарапынан бұзуды талап етіп, сотқа жүгінді.
«Сотта ЖШС жер теліміне орналасқан аттракциондарды, әткеншектерді және басқа да құрылыстарды пайдалануға қабылдау актілерін заңнамада белгіленген тәртіппен ресімдеу туралы дәлелдемелерді ұсынбаған.Сот жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ ЖШС-ның жер телімін заңсыз пайдалану фактісін ескере отырып, талап қоюды қанағаттандырып, ЖШС-ны рұқсатсыз иеленген 4 га жер телімін ғимараттарды бұзу арқылы бастапқы күйіне қайтарып босатуды міндеттеді»,