Шымкентте Яндекс пен 2ГИС карталары жолдағы қауіпті учаскелер туралы ескертетін болады
Фото: Depositphotos
Қала прокуратурасының Үйлестіру кеңесінің отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Яндекс пен 2ГИС карталарымен бірлесіп, ескерту фунциялар енгізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Жол жүру ережелерінің бұзылғаны туралы карталар алдын ала мәлімет береді.
"Жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерін талдау нәтижелері бойынша қала прокуратурасымен Яндекс карталары және 2ГИС-пен бірлесіп навигаторларға аса қауіпті учаскелердің картасы және оларға жақындаған кезде жүргізушілерді дауыстық ескерту функциясы енгізілді. Картаға қала бойынша осындай 30-ға жуық аймақ қосылды",
Карталардағы дыбыстық ескерту жүргізуші жол апаты болған қауіпті орынға кемінде 300 метр жақындағанда, жылдамдықты тым асырғанда іске қосылады.