Шымкентте заңсыз құрылыс бұзылды

Фото:

Астана даңғылы, 084-орам, №712-құрылыс мекенжайында орналасқан “Жеке қосалқышаруашылық және тұрғын үй құрылысына” арналған нысан бұзылды. Ол заңдастырылмаған болып шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. 


Сот алқасы кәсіпкерді кінәлі деп таныды. Құрылысты бұзу жайлы шешім қабылданып, жер телімінде сәйкес жұмыстар жүреді. 


Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастамас бұрын тиісті құжаттарды заңдастырып алуға кеңес береді.