Шымкентте жаңа туған нәрестеге 2 ота жасалды

Фото: ҚР ДСМ
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте қарқынды терапия бөлімінде, – деп хабарлайды Taspanews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
34-аптада шала туған нәрестеде жатырішілік инфекция мен гемолитикалық ауру байқалған.
"Дәрігерлер сәбиге туа біткен жүрек ақауы, II дәрежелі жүрек жеткіліксіздігі, ойық жаралы некротикалық энтероколит және туа біткен ішек өтпеушілігі секілді бірнеше ауыр диагноз қойған",
Осылайша, балалар хирургы мен кардиохирург 2 ота жасады. Баланың жағдайы ауыр, алайда тұрақты. Неонаталды хирургия бөлімі дәрігерлері сәбиді бақылауда ұстауда.
"Қалалық перинаталдық орталығында неонаталдық хирургиялық операциялар 2024 жылдан бастап жүргізіле бастады. Осы уақыт аралығында ішкі ағзаларының ақауымен туылған 40-там астам сәбиге күрделі ота жасалған",