Шымкентте "Жолда қабылдау" акциясы өтеді

Фото: Шымкент қаласының ПД

Шымкентте "Жолда қабылдау" акциясы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Шымкент қаласының ПД-на сілтеме жасап.


Акция 19 және 20 шілдеде Достық шағын ауданында және "Арғымақ" автомобиль нарығының жанында орналасқан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдында өтеді.


Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін әр түрлі бөлімшелердің өкілдері тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болады. Қала тұрғындары кеңес сұрау және құқықтық қолдау үшін полиция қызметкерлеріне жүгіне алады.


Аталған іс-шара қоғамның өзекті мәселелерін жедел шешуге, халықпен тиімді кері байланысты нығайтуға және азаматтардың құқықтық салада хабардарлығын арттыруға бағытталған.