Шымкентте жылыту маусымы аяқталды

Pexels фото на taspanews.kz от 07 апреля 2025 10:30
Фото: Pexels

Шымкентте жылыту маусымы 2025 жылы 7 сәуірден бастап ресми түрде аяқталады, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Шымкент қаласының әкімінің өкіміне сәйкес, күннің жылынуына байланысты қаланы жылумен қамтамасыз ету тоқтатылады. Көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында тұрғындар өтініші бойынша тиісті шара қолданылады.


«Сыртқы жылыту жүйелерінде жөндеу немесе профилактикалық жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына немесе «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің диспетчерлік қызметіне хабарласуды ұсынамыз», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews