Шымкенттегі «Құрсай» құрылыс нарығының үлескерлері өз құқықтарын қорғады

P фото на taspanews.kz от 13 февраля 2025 13:09
Фото: Pexels

Шымкентте «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлерден жер учаскелерін негізсіз алып қоюдың алдын алуға мүмкіндік туды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Антикорға сілтеме жасап.


Шымкент қаласында бес кәсіпкер Антикорға жүгініп, олардың жер учаскелерін негізсіз алып қою туралы шағымданды. Олар құрылыс материалдары нарығына 600 миллион теңгеден астам қаражат құйғанымен, учаскелерді алып қою туралы уақтылы хабарлама алмаған.


Алайда, 2024 жылдың шілдесінде әкімдік бұл учаскелерді өтеусіз тәркілеу туралы шешім қабылдаған.


Антикордың араласуымен бұл шешімнің орындалуы тоқтатылып, әкімдік сотқа талаптардан бас тарту туралы өтініш берді.Нәтижесінде, кәсіпкерлердің инвестициялары сақталып, құрылыс нарығының тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалды.Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасады.


Следите за новостями Taspanews