Шымкенттен Будапештке жаңа әуе рейсі ашылады

Фото: Pexels
27 мамырдан бастап “SCAT” әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша жаңа халықаралық рейсті іске қоспақ, – деп хабарлайды taspanews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
2025 жылдың 27 мамырынан бастап “SCAT” әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша тікелей рейс ашуды жоспарлады.
Boeing 737 ұшағы арқылы аптасына екі рет орындалатын бұл рейс Қазақстан мен Венгрия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік байланысты нығайтуға септігін тигізеді.