Өскеменде көпқабатты үйдегі өрттен 35 тұрғын эвакуацияланды

Фото: ҚР ТЖМ

Өскеменде он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында өрт шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Өрт сөндірушілер сенімді және батыл әрекет етті, олар қысқа мерзімде 35 адамды, оның ішінде жеті баланы, тыныс алу жолдары мен көру қабілетін қорғауға арналған арнайы сорғыштарды қолдана, эвакуациялады.


Өрт шамамен 25 шаршы метр аумақты қамтыды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.