СҚО полицейлері MMA әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

СҚО полицейлері MMA әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды фото на taspanews.kz от 17 июля 2024 10:47
Фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан полицейлері MMA бойынша әлем чемпионатында алтын медаль иегерлері аталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz СҚО ПД сілтеме жасап.


Жақында Астанада өткен MMA Free Fighting бойынша әлем чемпионатында Солтүстік Қазақстан полицейлері чемпиондық белбеулерді, медальдар мен грамоталарды жеңіп алды. Жүлдегерлер қатары: полиция майоры Ибрагим Беков, аға лейтенант Айдархан Қайруллин және Капитан Абылайхан Омырзақ.


Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері керемет нәтижелер көрсетті. Ибрагим Беков 71 кг салмақта "грэпплинг" және "шок" категорияларында алтын жеңіп алды Айдархан Қайруллин 77 кг дейінгі салмақта өнер көрсетіп, "шок" категориясында жеңімпаз атанды. Абылайхан Омырзақ 84 кг және одан жоғары салмақта қола медаль жеңіп алды.


Турнир төрт күнге созылды және оған жердің әр түкпірінен 1500-ден астам спортшы қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Айдын Қабдулдинов жедел кеңесте қарамағындағылардың спорттық жетістіктерін жоғары бағалап, құттықтады.


Следите за новостями Taspanews