Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру мақсатында су жіберілуде

Фото: Уикипедия
2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі – 22, 1 млрд текше метр. Ауданы 3065 шаршы шақырымға жетті. Бұл 2022-жылдың басымен салыстырғанда 111 шақырымға көп. Жоспар бойынша, Орта Азия елдерімен жүргізілген келісімдер нәтижесінде 2025-жылдың наурыз айының соңына дейін теңізге жіберілетін су 1,6 млрд текше метрге дейін жетпек.
«Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру» жобасы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда «Тәуір» қорғаныс бөгетін салу, Қарашаланкөлі мен Сырдария өзені арасындағы екі учаскедегі бөгеттер мен «Қарашалан-1» каналын және оның бас құрылысын реконструкциялау жұмысы аяқталды. Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөлетін Көкарал бөгетін қайта жаңарту жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру Солтүстік Аралдың сақталуына және судың тұздылығын төмендетуге ықпал етеді»,
Сонымен қатар, су үнемдеу шаралары қолға алынды. Су жүйелерін сатып алу мен орнату бойынша субсидиялау 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.
«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану керек»,
Одан бөлек, Үлкен Арал теңізінің аумағында 4,4 млн көшет отырғызылды.