Солтүстік Қазақстан облысында 70 тұрғын өрттен құтқарылды

Фото: ҚР ТЖМ

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сай, 16 қыркүйек кешінде Назарбаев көшесі бойында көпқабатты үйдің пәтері өртенді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.


2 қабаттағы пәтердегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде, қауіпті жағдай туындаған.


Назарбаев көшесінің бойына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері келді.  Құтқарушылар 70 тұрғынды сыртқа шығарды. Өрт 9 шаршы метр аумақты қамтып, пәтер кіреберісіне дейін жеткен. 


Өрт сағат 22:00-де толық сөндірілді. 


Зардап шеккендер жоқ. Көрші пәтерлерге жалын тарамаған.