Солтүстік Қазақстан облысында лицензиясыз криптовалюта айырбастағандар анықталды

Depositphotos фото на taspanews.kz от 21 января 2025 11:18
Фото: Depositphotos

Солтүстік Қазақстан облысында цифрлық активтердің айналымына қатысты қызметті лицензиясыз жүргізгендердің 400 млн теңге мүлкі тәркіленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.


Үш азамат криптовалютаны қабылдау мен айырбастаумен айналысып келді. Цифрлық активтерді ұлттық валютаға айырбастау заңсыз жолмен жүрді. Банк шоттарындағы түбіртектерде жалпы сомасы 681 млн теңгеге 380 адаммен транзакциялар жасалғаны тіркелген. Сот шешімі бойынша күдіктілер айыпты танылып, 2,5 және 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 400 млн теңге тәркіленді, оның ішінде активтер, жылжымайтын мүлік, квадроцикл, компьютерлік жабдықтар болды.


«Олар криптовалюта биржаларынан алынған қаражатты пайдаланып, криптокошелек арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен айырбас операцияларын жүзеге асырған. Мұндай құрылымдар өз клиенттерін сәйкестендірмейді және күдікті операцияларды анықтамайды. Сондықтан, олардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады», – ҚР Қаржы мониторингі агенттігі.

Следите за новостями Taspanews