Солтүстік Қазақстан облысында студент қыз ересекті есірткі сатуға итермеледі

Фото: Pexels

Солтүстік Қазақстанда 19 жасар студент пен 32 жасар ер адамның біріккен есірткі қылмысы анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz СҚ Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Қазан айында екеуі автокөлікпен ұсталды. Көлік ішінде 30 түйіршік психотроптық зат, 72 түйіншек өздерінен табылды. 27 грамм есірткі студенттің тұрғылықты жерінен табылды. Қылмыстың бастамашысы қыз болған.


Күдіктілерден 129 грамм мефедрон және "a-PVP" психотпротық заты тәркіленді. Күдіктілер қамауда.


"Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген" , – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі.