Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі жол жиегіне шығып кетті

 СҚО ДП фото на taspanews.kz от 05 декабря 2024 08:56
Фото: СҚО ДП

Жезқазған-Петропавл тас жолының 815 шақырымында "КамАз" жүргізушісі көлікті басқара алмай жол шетіне шығып кетті, – деп хабарлайды Taspanews.kz CҚО ДП сілтеме жасап.


Шал ақын ауданы, Кеңес ауылының маңында артында қосымша тиелген жүгі бар қыстырмамен келе жатқан жүк көлігі жүргізушісі келеңсіз жағдайдан кейін өздігімен тас жолға шыға алмады. Оған көмекке патрульді полиция батольоны келді. Басқа жүк көлігі арқылы "КамАз" жолға дейін сүйретілді.


Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жүргізуші зардап шекпеді.


Следите за новостями Taspanews