Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшылар құқығы қорғалды

Depositphotos фото на taspanews.kz от 09 января 2025 15:32
Фото: Depositphotos

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік төлемі ұстап қалу жағдайын тіркеді, - деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшылары ынтыландыру ақыларын төлеу үшін 20 қызметкердің 2 миллион теңге жалақысын ұстап қалған.


Осындай құқық бұзушылыққа Олимпиадалық резервтің дайындық орталығында, М. Жұмабаев ауданы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде, сонымен қатар әкімдіктің денсаулық басқармасында да жол берілген.


Прокуратура қадағалауымен жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заңсыз ұсталған қаражат қайтарылды. 23 жұмысшы құқығы қорғалды.


Следите за новостями Taspanews