Солтүстік Қазақстан облысындағы сотталған азамат грант жеңіп алды

P фото на taspanews.kz от 28 ноября 2024 13:46
Фото: Pexels

Солтүстік Қазақстан облысында пробация қызметінде есепте тұрған сотталған адамға мемлекеттік грант берілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Екі жылға ба  бостандығы шектелген азамат "Бастау бизнес" атты кәсіпкерліктің алғашқы қадамдарын үйрететін жобаға қатысып, грант жеңіп алды. Гранттың жалпы сомасы 700 мың теңгені құрайды.


Бұл қаражатқа ол "Нұрсұлтан, іске сәт" атты қоршауларды, шпростарды және көшедегі  отырғыштарды дәнекерлеумен айналысатын жеке кәсіп ашты. Сонымен қатар, ол  дәнекерлеу машинасы,  болгарка және басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатып алды.


Бизнес идея "2021-2025 жылдарға арналған  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы" аясында жүзеге асты.


Следите за новостями Taspanews