Солтүстік Қазақстанда элеваторлардың толып қалуынан бидай құрып кетуге шақ

Фото: Pexels

Солтүстік Қазақстан облысы, Светлое ауылы тұрғыны өңірдегі элеваторлардың толып қалғанын жеткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz tipichka_petro сілтеме жасап.


Вагондар жоқтығынан туындаған мәселе шаруалардың бидайы мен арпасының далада үйіліп жатқандығына себеп болған.


Бидайдың бастапқы құны 40 теңге болғанына қарамастан, камаз жүргізушілері тасымалдаудың өзіне 5 теңге алып келеді. Бейнеөтініште мердігерлер элеваторларға кіргізіп беру үшін 10 теңге сұрайтынын айтылды.


Тұрғын Президенттен көмек сұрап, бейнеөтініш жасаған.