«Сотқа барарда жеңілетінімді айтты»: Жұлдыз Әбдікәрімова үйсіз қалды

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова баспанасыз қалғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram-дағы ресми парақшасында жазды. Бұл туралы Taspanews.kz актрисаның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Оның айтуынша, құрылыс компаниясының негізін қалаушы бір жылда екі қабатты үй тұрғызып беретіндерін айтып, пәтерін інісінің атына аудартып алған көрінеді.  


«Сол жылы балаларым «Анашым, жер үйге көшейікші, өзіміздің ауламыз болса, бақшасына жемістер егейік»-деп сұрады. Бұл ой маған да ұнады. Сол сәттен бастап, үй іздеуге кірістім. Өз пәтерімді сатуға шығарып, тез арада көшкім келді. Бар ойым үйімді сатып, жер үй салу немесе сатып алу болды. Астанадағы коттедж салатын бірнеше компанияларға да бардым. Сол ізденісте жүргенде құрылыс компаниясының негізін қалаушы Диляра есімді келіншекпен таныстым.


Ол маған мынадай ұсыныс айтты. «Сен сатуға қойған пәтеріңді менің інім Диардың атына жазып бересің. Біз саған қалашықтан 1 жылда екі қабатты жер үй салып береміз. Ал оған дейін сен пәтер жалдап тұрарсың»- деді. Мен келісе кеттім. Ойымдағы үйдің табылғанына қуанғаным да рас», – деді ол.


Бірақ арада екі жыл өтсе де актриса баспаналы бола алмағанын айтты.


 «2024 жылдың көктемінде менің үйімнің жақын арада бітпейтінін түсініп, Диляраның алдына бардым. Бұдан артық күте алмайтынымды жеткізіп, өз үйімді қайтарып беруін сұрадым. Сол кезде ол менің пәтерімді банкке кепілдікке (залогқа) тіккенін естіртіп, ол үйде тағы бір інісі Әбілхан отбасымен тұрып жатқанын, қайтарып бермейтінін айтты. Жақсы оған да көндім, мынау бітпей тұрған жер үйімді өзім аяқтайын соның құжатын берші дедім. Әкімшіліктен обьетіні пайдалануға қабылдау актісін жасатпақ болдым. Бірақ соғылып жатқан үйге де, жерге де құжат бермеді», – деп қосты ол.


Айтуынша бұл үйді «Аграрлық кредиттік корпорацияға» кепілдікке салып жіберген. Жалдамалы пәтерлерде тұрып шаршаған Әбдікәрімова аудандық сотқа барарда жеңілетінін естіген. «Қаласаң да, қаламасаң да күтесің» деген сөзді естіпті.


«Сот шешімі менің пайдама шешілмегендіктен, қалалық соттың апелляциялық алқасына шағым түсіруге мәжбүр болдым», – деп жазды Жұлдыз.


Пост из социальной сети