Спорт және сыбайлас жемқорлық: Қазақстанда футбол клубының директорына үкім шығарылды

Спорт және сыбайлас жемқорлық: Қазақстанда футбол клубының директорына үкім шығарылды фото на taspanews.kz от 16 августа 2024 15:17
Фото: pixabay.com

"Жетісу" футбол клубының директоры Дәулет Иманқұлов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды,– деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР СЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талдықорған қалалық соты оны футболшының еңбек шартына қосымша ақша кіріктіру сылтауымен бюджеттік 5,5 млн теңгені ұрлағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


Еске салсақ, Дәулет Иманқұловтың ұсталғаны туралы 2024 жылдың маусым айында белгілі болды.


Следите за новостями Taspanews