Спортшылар есірткіге қарсы: Қостанайда бұқаралық жарыс өтті

Фото: ҚР ІІМ

Қостанайда есірткіге қарсы жаппай жарыс өтті, деп хабарлайды Taspanews.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қостанайда есірткіге қарсы ауқымды марафон өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.


8 маусым күні «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» жағалауында айтулы спорттық шара өтті. Марафонды қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі Қостанай қалалық ІІБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды. Бастамаға маңызды қолдауды Ішкі істер министрлігінен отставкадағы Қазақстан марафон чемпионы Құрманай Исергепов көрсетті.


Шара жыл сайын 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтті. Акцияны 150-ден астам қатысушы, оның ішінде кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қолдады.


Марафонға жарысты ұйымдастырушылардың бірі, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға анықтаушысы Әсел Сексенова да қатысып, төзімділігін сынады.


Әсел Сексенова акцияның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында табиғи және синтетикалық есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру екенін баса айтты.


Есірткіге қарсы айлық басталғалы облыста 30-ға жуық маңызды профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.