Степногорскіде мектеп қызметкерлеріне алаяқтар несие ресімдеген

Pexels фото на taspanews.kz от 07 ноября 2024 11:26
Фото: Pexels

2024 жылдың маусым және тамыз айларында бір мектеп қызметкерлері ұқсас алаяқтыққа тап болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Бірінші ретте қылмыскерлер мектеп директорының 19,5 миллион теңге қаражатын иемденген. Ал екінші жағдайда, мектеп мұғалімі 5,5 миллмон теңгеге алданған.


Өздерін ҚР Күштік құрылымы мен Халық Банк қызметкерлері ретінде таныстырып, алаяқтар сыбайлас жемқорлық пен терроризмге қарсы тексеру жүргізіліп жатқандығына сендірген. Жәбірленушілерді Ресейге қаражат аударды деп назарға алғанын айтқан.


Кейіннен, екі жәбірленуші оларға несиелер ресімделгенін және бірнеше қарыздар алынуы мүмкін екенін білді. Жалпы келтірілген залал көлемі – 25 млн теңге.


Следите за новостями Taspanews