Су тасқынан зардап шеккендер үшін соғылған үйлердің сапасы туралы мәлімет келтірілді

А фото на taspanews.kz от 03 декабря 2024 16:14
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

 Үкіметте өткен брифингте ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынған үйлердің сапасы туралы мәлімет келтірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Қазақстанның бірнеше өңірінде болған алапат су тасқынынан кейін үкімет зардап шеккен отбасылар үшін жаңа үйлер салуды ұйымдастырды. Осыған байланысты халық тарапынан үйлердің сапасы мен кепілдік міндеттемелерінің бар-жоғы туралы сұрақтар туды.


Қанат Шарлапаев бұл жайындағы сауалдарға жан-жақты жауап беріп, барлық үйлердің белгіленген нормалар мен стандарттарға сай салынғанын айтты. Министр барлық жаңадан салынған тұрғын үйлерге және қайта жөнделген үйлерге екі жыл мерзім кепілдік берілетінін айтты. Бұл негізінен 80 шаршы метрлік жеке бір қабатты тұрғын үйлер жайында келтірілген мәлімет. Үйлердің құрылысы осы жылдың жазында басталған және министрдің айтуынша, нормативтік стандарттар бұзылмаған,  белгіленген мерзімде тапсырылды.


"Біз бұл үйлерді нормативтерге сай салдық. 80 шаршы метрлік бір қабатты үйдің құрылыс мерзімі – 45 күн болды. Барлық жұмыстар уақытында орындалды, – деді ол. Қанат Шарлапаев үйлердің пайдалануға берілгеніне бірнеше ай болғанын атап өтті. Бұған дейін тұрғындардан  құрылыс сапасына шағым түскен жоқ. Әлеуметтік желілерде де сын жазылған жоқ. Бұл құрылыстың барлық кезеңдерінде бақылаудың жоғары деңгейі сақталғанын  және сапаның бақылауда болғанын көрсетеді, – деді ол. Министр қыс кезі жаңа үйлер үшін сынақ болатынын атап өтті.


Следите за новостями Taspanews