Су үнемдеудің нәтижесінде Арал біршама толды

Фото: Уикипедия

Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңалықтардың апталық шолуында Арал теңізіне едәуір су жіберілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР СРИМ-не сілтеме жасап.


Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы кәсібінде суды үнемдеу технологиясы қолданылған. Нәтижесінде сақталған су 200 млн текше метрді құрап, Аралға жіберілді.


2024 жылдың басынан бастап Солтүстік Аралға 2 млрд текше метрге жуық су жөнелтілді.