"Судьяны себепсіз істен шеттету – ақымақтықтың белгісі": Дана Орманбаеваның соты қалай өтуде

"Судьяны себепсіз орнынан алу – ақымақтықтың белгісі": Дана Орманбаеваның соты қалай өтуде фото на taspanews.kz от 03 июля 2024 16:30
Фото: Instagram pro.pravo.kz

Алматы сотында публицист Дана Орманбаеваның процесі бойынша іс жалғасын табуда. Оған қарсы бірден бірнеше іс қозғалды, оның ішінде екі қылмыстық іс.  Продюсер Баян Алагөзова құқықтық негізде өзінің абыройын қорғауға және әлеуметтік желілерде қорланғаны үшін жәбірлеушіні жазалауға шешім қабылдады. Ал блогер Алена Панамареваны публицист "өлім жазасына кесемін" деп қорқытқан. Қарсыласу қалалық соттан әлдеқайда асып түсті. Instagram-да үш әйелдің қорғаушылары мен жанкүйерлері қақтығысты. Процестің мәні туралы – Taspanews материалында.


Айыптаудың мәні неде?


Дау публицист Дана Орманбаева өзінің әлеуметтік желілерінде, соның ішінде Telegram және Instagram-да продюсер Баян Алагөзованы бірнеше рет сынға алғанынан туды. Оның әлеуметтік желіде 131 мың жазылушысы бар. Орманбаевадан Алагөзова ғана емес, басқа да көптеген танымал тұлғалар зардап шеккен.


Орманбаеваға қатысты алғашқы қылмыстық іс қозғалғаны туралы сәуір айында белгілі болды. Алматы Полиция департаменті сайтында публицистің сторисінің скрині жарияланды, онда ол белгілі бір Аленаны қазақ емес деп сөгіп, оны "сасық" және "ерекше қуанышпен" "өлім жазасына кесемін" деп қорқытты.


 фото на taspanews.kz от 03 июля 2024 16:30
Фото: Алматы ПД сайтынан
"Алматы тұрғынының әлеуметтік желілерде азамат Дана Орманбаеваның тарапынан ұлтаралық араздықты тудыру белгілері бар қатерлер мен қорлау фактісі туралы өтініші бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады", – деп хабарлады полиция.

Публицист балағаттаған әйел – блогер Алена Панамарева болып шықты.


"Әрқашан кез-келген жағдайда сіз тіліңізді тартып отыруыңыз керек! Бұл іс соңына дейін жетеді! Қалай ақталса да!"  – Панамарева Орманбаеваға қарсы қылмыстық іс қозғауға осылай жауап берді.  

Ал Баян Алагөзова туралы публицист бірнеше рет өтірік айтқан,  "сәбилерді өлтіруге" көмектесті және "отбасылық ұяларды қиратты" деп айыптады. Продюсерге Орманбаева бірнеше жарияланым арнады.


Үш апта бұрын Баянның қорғаушысы, заңгер Анна Чернова (оның күйеуі Олег те сотта продюсердің мүдделерін қорғайды) хабарлағандай, Алагөзова да "заң негізінде әрекет етуге шешім қабылдады, басқа амалы қалмады".


"Біздің команда Баян Алагөзованың мүдделерін екі жағдайда қорғайды: қорлау фактісі бойынша және ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау бойынша",  – деп нақтылады Чернова.

"Қаншық және мылжың"


Дананың Баянға айтылған сөзінің қорлық мағынасын түсіну үшін өзінің оқырмандарына осы жағдайды бастарынан өткізуді елестетуге кеңес берді. "Суретіңізді алып, өзінің 130 мың оқырмандарына сізді қаншық және мылжың" деп жария қылса қалай болар едіңіз..." ,– деген ой салды.


"Ол адамның блогінің форматы осындай. Өз жеке себептері бойынша басқалардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, әдепсіз түрде суреттерін алып, астына орынсыз заттар жазады. Бұл сізді ренжітер ме еді, әлде бұл қалыпты жағдай ма? Әлеуметтік желіде адамдар осындай заттар жасай беруге мүмкіндік бере беруге бола ма?»


– деп сұрады заңгер.


Сонымен қоса ол көшеде кетіп бара жатқан кез-келген адам осылай жақындап, қорласа – бұл осылай істей беруге болады дегенге жата ма деген ой салды.


"Бұл үшін адам жауап беру керек пе? Ертең кез-келген адамның сол қыздың орнында болуы мүмкін", – деп атап өтті Чернова.

28 маусымдағы сот отырысы


Орманбаева ісінің сот отырысы ашық режимде өткетіндіктен, жанжалдың барлық тараптары процестің өтуін  өздерінің әлеуметтік желілерінде бөлісуде. Дана өзі бірнеше жылдан бері Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрады, сондықтан ол отырыстарға тек онлайн қосылады.


Чернова 28 маусымдағы отырыста судья Орманбаеваның қорғаушыларының "барлық өтініштерін қанағаттандырудан" бас тартқанын айтты.


"Ешкім қорлыққа, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға лайық емес, сондықтан қылмыстық қылықтарды ақтауға болмайды",– деп сенімді позициясын білдірді Чернова.


Тағы бір жәбірленуші – Алена Панамарева да сот залында болды. Ол Дана Орынбаеваның қорғаушылары отырыста Баянның кітабын оқығанын айтты. Оның пікірінше, қорғаушылар егер Алагөзова өзінің сұхбатында жеке өмірі туралы айтқан болса, "оны қазір қорлауға болады" деген ойды меңзеген. Блогер мұндай тактиканы "мылжың әңгіме" деп санайды.


"Дананың қорғаушы тарабы Баянның кітабын бір сағат бойы оқыды, оның себебін ешкім, оның ішінде судья да түсінбеді. Судья оларды екі рет тоқтатты, бірақ олар өз құқықтарын бұзды деп дат айтты", – деп жазды Панамарева.

Орманбаеваның ісі бойынша сот талқылауы осы аптада жалғасады.


"Екі арсыз әйел"


Дана өзін ешнәрсеге кінәлі деп санамайды. Әлеуметтік желілерден жәбірленушілерді қорлаған жазбаларды жоймаған. Публицист сонымен қатар өз жақтастарын сот отырыстарына қатысуға шақырады.


Мен ар-намысы мен қадір-қасиетін "қорлағандай болған", сәбилерді өлтіру мен алаяқтық схемаларға көмектесу туралы жарияланымдарда отбасылық ұяларды бұзушылар туралы хабарламалар сериясында жазған сөздеріме Баян Алагөзованың талап арызы бойынша процесті жариялауға кім қызығушылық танытады (түпнұсқада аты-жөні кішкентай әріптермен жазылған - ред.), сол адамдар маған direct-ке жазыңыздар", – деп жазды ол Instagram-да.


Сонымен қатар, Дана "өз өмірінде ешқашан ешкімді атаулы түрде, бетпе-бет қорлаған емеспін" деп сенімді айтады. Ол оның жүрегіндегі "ерекше орынды "адал емес блогерлер, олардың өтіріктері мен азаматтардың санасына құйылған у" алатындығын баса айтты.


"Ағымдағы кезеңде екі арсыз әйел мені "ар-намысы мен қадір-қасиетін" қорлағаны үшін сотқа берді. Бұнда тұрған ештеңе жоқ, олардың құқығы бар. Бір сұрақ қана туындайды: олардың "ар-намысы мен қадір-қасиеті қайда"? Алаяқтардың лас схемаларында ма немесе бүлдіршіндер көз жасын төгіп, басқа адамдардың бұзылған отбасылық ұяларында ма?, – деді Орманбаева.

Дананың қорғаушыларының бірі Таир Назханов сейсенбіде Алматы қаласының екінші нөмірлі Медеу сотының іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша жәбірленуші Баян Алагөзовадан жауап алу жоспарланғанын айтты.


Ол сондай-ақ өзі және әріптесінің "қорғауға мұқият дайындалғанын және көзқарасының дұрыстығына сенімді" екенін айтады.


2 шілде отырысы


 Орманбаева бүгін өзінің қорғаушыларына "керемет қорғағаны" үшін алғыс айтты, оның пікірінше, олар "барлық мақтауларға лайық".


Ол қорғаушыларының "судьяны іс жүргізуден шеттетуге өтініш білдіргенін" қосып өтті.


"Жеке айыптаушыдан жауап алу тыңдаушылардың көз алдында сәтсіз аяқталды. Талапкер сәтсіздікке ұшырады. Соттың объективті еместігі де айқын болды. Талапкерді қорғаушының дөрекілік пен өзін-өзі ұстай алмау фактісі де көпшілікке мәлім болды", – деп жазды Дана.

Алайда Баян Алагөзова мен Алена Панамареваның жақтары бүгінгі сот ісін басқаша көреді.


"Судьяны себепсіз орнынан алу – ақымақтықтың белгісі", – деп жазды Панамарева сторисінде.

Ол Баянға "көптеген сұрақтар" қойылғанын, "судья оның жартысын да қарамағанын", және сұрақтардың бұл іске қатысы жоқ екенін айтты.


Бұл кем дегенде күлкілі болды. Айтылған сөздердің іске қатысы да жоқ, – деп жазды Баян Алагөзова сторисінде.

Автор: Мария Шустрова


Аударған: Дана Амирова


Следите за новостями Taspanews