Сурдлимпиада жүлдегерінің қазасынан кейін қызметтік пәтер шарты бұзылған

Фото: Depositphotos

Сурдлимпиада жүлдегері қазасынан кейін әкесі мұрагерлік құқығына куәлік алғанына қарамастан, тұрғын үйді жалдау шарты бәржақты бұзылған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Жоғарғы Сотына сілтеме жасап.


Тұрғын үй қатынастары бөлімі мен әкімдік спортшының әкесімен шарт жасауға бас тартқан соң, әке сотқа жүгінді. Шағым түсіріп, пәтерге меншік құқығын өтеусіз беру туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талап қойған.


"ҚР Ұлттық Сурдлимпиадалық комитеті талап қоюды қолдап, спортшының жетістігін Қазақстандағы Сурдлимпиадалық қозғалыстың ілгерілеуін көрсететін маңызды оқиға деп атаған.Сот тұрғын үй қатынастары бөлімінің талап қоюшының отбасы мүшесі емес екендігі туралы дәлелдерін негізсіз деп тапты", – Жоғарғы Сот.


"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заң бойынша Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және қайтыс болғанда тұрғын үйді алу құқығы оның мұрагерлеріне беріледі.


"Жоғарыда айтылғандарға байланысты сот мемлекеттік органды онымен пәтерді меншігіне өтеусіз беру туралы шарт жасасуды міндеттей отырып, спортшының әкесінің құқықтарын қалпына келтірді", – делінген Жоғарғы Сот хабарламасында.