Светлана Жақыпова Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Фото: ҚР ЕХӘҚМ

Светлана Жақыпова Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


2024 жылғы 10-11 шілдеде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы облысына жұмыс сапарын жоспарлады. Осы сапар аясында министр жергілікті тұрғындармен бірнеше кездесу өткізеді.


Кездесулер барысында әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланады, сондай-ақ азаматтардың проблемалары анықталады және қаралады.


Министрге арналған сұрақтар мен ұсыныстарды келесі коммуникациялық арналар арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz. "Е-Өтініш" – азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).


Сондай ақ телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.


Барлық азаматтарды іс-шараға қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сұрақтар қоюға шақырамыз.