Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Алматы облысына келді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Алматы облысына келді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.
Светлана Жақыпова облыс активімен, тұрғындарымен және жұмыс берушілерімен кездесулер жоспарлаған. Сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау мен әлеуметтік, білім беру және өндірістік объектілерге сапарлар ұйымдастырылады.
Бірінші кезекте министр Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесу өткізді. Талқылау барысында тараптар Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласына қатысты тапсырмаларының орындалуын талқылады. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелеріне, кәсіпорындардағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, мүгедектер үшін қолайлы орта құруға және басқа да маңызды аспектілерге ерекше назар аударылды.