Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бұрынғы қызметкері пара алу ісі бойынша тергелуде
Фото: Freepik
Шымкент қаласы аумақтық департаменті басшысының бұрынғы орынбасары болған Д. Қожабаев пара алу ісі бойынша күдікті танылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР СЖҚА сілтеме жасап.
Ер адам бұрынырақ мемлекеттік қызмет барысында мектеп директорын қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін күдікті атанып, тергеу жүру барысында қашып кеткен. Осыдан соң, халықаралық іздеу жарияланған.
Күдіктіні іздестіру шаралары 30 қарашада сәтті аяқталды. Ол СЖҚА мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан ұсталып, тергеу изоляторына жеткізілді. Тергеу жүргізілуде.