Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша біріккен іс-қимыл
Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі өзара іс-қимыл туралы жаңа меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қаласының мәслихатына сілтеме жасап.
Елордада еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауға, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға, мемлекеттік органдар мен оқу орындарында семинарлар ұйымдастыруға, сондай-ақ басқа да көптеген іс-шараларға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Елордалық мәслихат пен "ЖАҢАРУ "сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ" арасында келісім жасалды. Осы ынтымақтастықтың негізгі мақсаттарына Қазақстан жұртшылығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресуге бағытталған іс-шараларға қатысу жауапкершік сезімін арттыру кіреді.
Меморандумға қол қою алдында «ЖАҢАРУ» РҚБ Кеңесінің Құрметті Төрағасы Оралбай Әбдікәрімовпен ресми кездесу өтті, онда осы стратегиялық маңызды құжатты жасасу туралы шешім қабылданды.