Сыбайлас жемқорлыққа күдікті: Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі ісі

Фото: Depositphotos
Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Antikor сайтына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі мен мердігер ұйым басшылығына қатысты тергеуді аяқтады. Іс ауыр қылмыс жасау бойынша қозғалды. Қызметтік өкілеттікті асыра сілтей пайдаланғандығы және 1 млрд теңгеден көп қаражат жымқырғаны үшін екі жақ күдікті атанды.
2024 жылдың 13 желтоқсанында Прокуратура осы іс бойынша тергеу мәліметтерін сотқа берді.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай жария етуге жатпайды.
«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі»,