Сырдарияда 10 заманауи есепке алу жүйесі бар бекеттер пайда болады

Фото: Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев кездесті. Сырдариядағы су бекеттерін автоматтандыру мен суды есепке алуды цифрландыру жөніндегі мәселе талданды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Су ресурстары жіне ирригация министрлігіне сілтеме жасап.


Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының жұмыс істеу тәртібі алға тартылды.


"Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының алдағы отырысында су қоймалары жұмысының болжамды кестесі жасалып, су беру көлемі бекітілетін болады",  – делінген ресми ақпаратта.

Президенттер бір-біріне алғыс білдіріп, болашақтағы ынтымақтастығының одан әрі нығая түсетінін білдірді.