Сыртқы істер министрлігі көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Фото: ҚР Сыртқы Істер министрлігі

Қазақстанның көлік саласындағы сыртқы экономикалық ынтымақтастығы: министрлер кездесуінің қорытындылары туралы Taspanews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды


Астана, 2024 жылғы 18 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бірқатар шетелдік компаниялардың өкілдерімен, соның ішінде Nurminen Logistics Plc фин компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді.


Келіссөздерде Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытының тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары мен мүмкіндіктері талқыланды.


Финдік компания логистика секторының ірі операторы болып табылады, әр түрлі темір жол тасымалы, экспедиция және жүктерді өңдеу бойынша қызмет көрсетеді. Компанияның негізгі нарықтарына Финляндия, Балтық және ТМД елдері кіреді.