Тағайындау: ҚР жаңа Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Фото: ҚР ДСМ

ҚР Үкімет қаулысына сай Ардақ Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.  


Ардақ Амангелдиев стратегия, экономика мен қаржы мәселелерін қолға алады. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.


Ол еңбек жолын 1996 жылы  Қарағанды ​​облыстық қаржы басқармасының бас маманы ретінде бастаған. Кейінгі жылдары Қаржы министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Денсаулық министрлігінде, «Қазына» тұрақты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Ұлттық банкте, Премьер-Министрдің кеңсесінде және ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет еткен. 


2016-2023 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығында басқарушы кеңесшісі, АХҚО басқарушы директоры болды.