«Тағы да бөпелі болармын»: Айжұлдыз Адайбекова жеке өмірі туралы сыр шертті
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Қазақстандық танымал блогер, дизайнер, актриса Айжұлдыз Адайбекова жеке өмірі туралы айтты. Бұл туралы Taspanews.kz Айжұлдыз Адайбекованың «Revue News» бағдарламасына бергеен сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.
Актрисаның сөзінше, ол қазір сүйіктісі Сәкенмен бірге тұрады.
«Отбасылық үлкен бақыт күтемін. Мүмкін тағы да бөпелі болармын. Қалай бұйырады, солай күтеміз. Негізі өмірімде сіздер білмейтін көп нәрсе болды. Қазір сүйіктіммен бірге тұрып жатырмын. Ол кісі өзі дайын болып, рұқсатын берген кезде мен де дайын боламын. Бәрібір сөз бар, тіл бар, көз бар дегендей көп нәрсені жариялаған жоқпыз», – деді актриса.