«Такси жүргізушісі»: «Аспанға қараймын» әнінің авторы Абай Бегейге ренішін айтты

Фото: Видеодан скриншот

Қазақстандағы тойлардың 90 пайызы «Аспанға қараймын» әнінсіз өтпейтіні белгілі. Көпшілік әннің орындаушысы Абай Бегейді танығанымен, авторы қызылордалық азамат Дәуір Абайұлы екенінен бейхабар. Бұл туралы Taspanews.kz «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.


Автордың айтуынша, ол қазір такси жүргізушісі болып жұмыс істейді.


«Екі қолға бір күрек керек. Шынымды айтсам, қазір шығармашылықтан біраз жырақтап қалдым. «Аспанға қараймын» әнінің хит болғанының бір пайдасы халық мені таныды. «Қызылорданың жігіті Дәуір деген азамат екен» деді. Әннен маған байлық та, пайда да болған жоқ. Абай Бегеймен ара-қатынасымыз жақсы деп айта алмаймын. Бір-екі рет көмек сұраған едім. «Жоқ» дегеннен кейін мен бәрін түсіндім. Абай Бегей сол әнмен барлық жағдайын жасап алды. Бір хабарласып, жағдайымды сұрамады. Ақшалай көмек сұрағанымда, бетімді қайтарып, «жоқ» деді. Оған дейін де арамызда кикілжіңдер болды», – деді әннің композиторы.


Ал Абай Бегей сазгерден кешірім сұрап, тағы да бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.


«Аспанға қараймын» әнін 30 мың теңгеге алдым. Ол кезде 30 мың теңге табу қиын еді. Бір ренжітіп алғаным бар. Үйленгенімде той тізіміне 120 адам жазғанмын, Дәуір қалып кетіпті. Жас бала емеспін, қиын кезең еді, ұмытылып кеткен», – деді Абай Бегей.  


Пост из социальной сети