Талапкер назарына: Қазақстан мен Оңтүстік Корея Жоғары оқу орындары ортақ болашақ жоспарлауда

Талапкерлер назарына: Қазақстан мен Оңтүстік Корея Жоғары оқу орындары ортақ болашақ жоспарлауда фото на taspanews.kz от 11 июля 2024 17:08
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ делегациясы Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетіне (SeoulTech) сапарға аттанған. ABEEK аккредиттеу компаниясының өкілдерімен де кездесу өтті. Оның нәтижелері туралы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап Taspanews.kz хабарлайды.


Сеулге сапар «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контекстінде инженерлік білім берудің ұлттық моделін құру» жобасы аясында өтті. 


Кездесу барысында техникалық бағыттар бойынша қос диплом бағдарламаларын құру, студенттер мен оқытушылар алмасу тақырыптары қозғалды. Электр машиналары мен механикалық инженерия саласындағы жаңа бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу туралы ұсыныс айтылды. Ол үшін құрамына ШҚТУ және SeoulTech қызметкерлері кіретін бірлескен зерттеу топтарын құру қажеттігі алға тартылды.


Осы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды аспектісі Қазақстанның инженерлік жоғары оқу орындарының ұлттық альянсын құру жөніндегі ШҚТУ бастамасы болып табылады. Вашингтон, Сидней және Дублин сияқты халықаралық келісімдерге мүшелік қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектеріне жаңа көкжиектер ашады, олардың дипломдарын әлемдік деңгейде мойындайды және академиялық және кәсіби ұтқырлық үшін теңдессіз мүмкіндіктер береді. Осы жоспарға негіз болатын меморандум жасалды.


Сәтбаев Университеті мен SeoulTech машина жасау саласы бойынша қос дипломды MBA білім беру бағдарламасын ашуды жоспарлануда.


ШҚТУ-да инженерлік білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің жақында өткен кеңейтілген көшпелі отырысы көптеген инновациялық жобалардың тұсаукесер алаңына айналды. ҚР Ғылым министрлігінің өкілдері, оның ішінде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова білім беру стандарттарын еңбек нарығының шындығына және технологиялық үрдістерге бейімдеу қажеттілігіне назар аударды.


ШҚТУ-нің ұлттық және халықаралық деңгейде белсенділігі ASTANA MOTORS Manufacturing Kazakhstan және Тяньзинь университеті сияқты жетекші компаниялармен және университеттермен жасалған көптеген меморандумдар мен серіктестіктермен расталады. Бұл ынтымақтастық озық технологиялардың интеграциясына ықпал етіп қана қоймай, жаһанданған әлемнің сын-қатерлері мен талаптарына дайын мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.


Следите за новостями Taspanews