Талдықорғанда жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

 фото на taspanews.kz от 07 июня 2024 10:11
Фото: Pexels

7 маусымда Талдықорғанда мансап орталығымен бірлесіп ЖОО, колледж түлектері мен NEET санатындағы жастарға жұмыс табуға көмектесуге бағытталған «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылады, - деп жазады Taspanews облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас мамандарға, түлектерге және NEET жастарына лайықты жұмыс табуға қолдау көрсету, сонымен қатар жұмыс берушілерге жаңа қызметкерлерді таңдау мүмкіндігін беру.


Іс-шара 2024 жылдың 7 маусымында сағат 17:00-де Талдықорған қаласындағы «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында өтеді.


Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 (775) 039-58-50.


Следите за новостями Taspanews