Талдықорғанда жеке тұрғын үйдегі өрттен 2 қабат құлаған

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 31 декабря 2024 15:01
Фото: ҚР ТЖМ

Талдықорғанда екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өрт салдары үйдің қирауына әкелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Үйде газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, екінші қабаттың қабырғалары құлап кеткен. Одан бөлек, шатыр қирады. Өрт 120 шаршы метр аумағында сөндірілді.


«Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімшелері, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен құтқарушылар келді»,  – ҚР ТЖМ.

Құтқарушылар келмей тұрып, өрттен 4 ересек пен 3 бала құтқарылды. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.


Следите за новостями Taspanews