Талғар ауданында сел қаупі бар: №19 көл судың жағалауды жырып ағуы мүмкін
Фото: Алматы әкімдігі инстаграм парақшасынан скрин
Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл судың жағалауды жырып ағуы қауіп төндіреді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап. Көл серпілісі 6-шы тамыздан бастап орын алуы мүмкін.
Көлдің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде су шамадан тыс жиналған. Осыған орай, тауға, демалыс орындарына шығуға тиым салынды. Сел басу қаупі мен су басу мүмкіндігі сақталады. Жақын маңдағы тұрғындарға дабылды байқап, қапыда қалып қоймау сұралады. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарынан соңғы жаңалықтармен таныс болған жөн.
Бүгінгі таңда Алматы облысының таулы аудандарында температураның жоғарылауы, мұздықтардың қарқынды еруі және мореналық-мұздық көлдердің толуы, өзен арналарындағы ағынның жоғарылауы есебінен күрделі сел жағдайы сақталуда.