Танымал блогер Aeka Posh екінші рет тұрмыс құрды
instagram.com/aeka_posh
Aeka Posh лақап атымен танымал блогер Айым Алтынбекова екінші рет тұрмыс құрды. Блогер қуанышты жаңалығын Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды Taspanews.kz.
Айым желіге көптеп видеолар жүктеп, сырға салу рәсімінің қалай өткенін көрсетті. Блогер құлағына сырға тақпайтындықтан жаңа туыстары оған білезік салыпты.
Алтынбекова сүйіктісі туралы ашылып айтпады. Айта кетейік, бұл Айымның екінші некесі. Осыған дейін ол актриса Лидия Кәденованың ұлы әнші әрі сазгер Дидар Кәденмен отбасылы болған.