Танысын қаза еткен шет ел азаматы Қазақстанды мекен еткен

Фото: Pexels

Қыркүйектің соңғы аптасында Алматы мен Түркістан облыстарында іздеудегі шет елдік азаматтар ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Ташкент облысында 180 млн 476 мың сом иеленген алаяқ ұсталды. Ол жалған құжат бере отырып, қылмысын 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырған. Өзбекстандық азаматқа 2023 жылдың қарашасынан бастап іздеу жарияланған. ІІМ қызметкерлері  оны Алматы облысында қамауға алды.


Сонымен қатар, өзінің танысын қаза еткен тәжікстандық азамат Түркістан облысында ұсталды. Ресейлік Самарада қылмыскер атанып, 2023 жылдың қазанынан бері іздеуде болған.