Тараз қаласына Жамбыл облысының 2 ауданының шекара бөліктері кіреді

Фото: Уикипедия

Жамбыл облысының құрамындағы қала мен аудандар шекарасында айтарлықтай өзгерістер енуі мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.


Тараз қаласына Жамбыл мен Байзақ аудандарының шекара бөліктерін кіріктіру сәйкес әкімдіктер мен мәслихаттардың бірлескен ұсыныстары негізінде қарастырылды. Нәтижесінде Жамбыл облысының әкімдігі қаулы етіп және Жамбыл облыстық мәслихаты шешім қабылдады. 


Жамбыл ауданының 11 257,9181 гектар және Байзақ ауданының жалпы көлемі 1.761,2014 гектар жер бөлігін қосу арқылы Тараз қаласында:


Халықты қоныстандырудың жана тұжырымдамасын қалыптастыру;


«Тараз» индустриялык аймағының едәуір дамуы;


Жер теліміне кезекте тұрғандардың мәселесінің шешілуі;


Өндірістік қуаттарды дамыту және өзге де салалық іс-шаралар іске асады.


Тараз қаласының шекарасына 14 елді мекен кіреді деп жоспарланған.


Олар: Ақбұлым (4022 адам), Талас (4879 адам), Қызыл Жұлдыз (6342 адам),  Қоңыртөбе (484 адам), Шайқорық (4282 адам) және Танты (214 адам) елді мекендері, Бектебе (3292 адам) және Қызылшарық (1315 адам) ауылдары, Кемел (276 адам), Түрксіб (2974 адам), Қала маңы (6293 адам), Жалпақтөбе (9836 адам) ауылдары кіреді.


Қаулы мен шешім жария талқылаудан соң он күн өткенде қолданысқа енгізіледі.