Таразда ірі өрт сөндірілді

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Жамбыл облысының өрт сөндірушілері азық-түлік дүкені мен дәмхананың шатырын шарпыған өртті сәтті сөндірді, деп жазады Taspanews.kz Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап


Өрт 150 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді.


Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.


Өрттің шығу себебі анықталуда.