Таразда жүргізуші куәліктерін заңсыз сатқан 7 адам сотталды

Тараз қаласында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (МХҚКО) қызметкерлері мен сыбайластары жүргізуші куәліктерін заңсыз сатқан, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарының 21 тұрғынынан 100-200 мың теңге көлемінде қаражат алынып, емтихан тапсырмағандарына қарамастан, ақпараттық жүйеде олардың сынақты сәтті өткені туралы мәлімет расталған.
Тергеу барысында бұл қылмысты ұйымдастыруға МХҚКО-ның екі қызметкері, бір программист және төрт делдалдың қатысқаны анықталды. Ақша делдалдар арқылы жиналып, кейін ұйымдастырушылар арасында бөлінген.
2025 жылғы 27 ақпанда Тараз қалалық №2 соты аталған тұлғаларға 3,6 жылдан 4,6 жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, заңсыз алынған жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ