Тараздық өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 10 адамды эвакуациялады

 фото на taspanews.kz от 07 июня 2024 11:57
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасы

Тараздық өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйдегі өртті қоңырау түскен сәттен бастап 25 минут ішінде тез арада сөндірді, - деп хабарлайды Taspanews ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Өртті сөндіру кезінде 10 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 бала. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.


Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.


Следите за новостями Taspanews